5 Қаңтар 2024


СПАРТАКИАДА-2024: ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамға арналған спартакиада ойындары басталды. Спартакиаданың алғашқы күні үстел теннисіне арналды.


Үстел теннисі – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде ракеткамен ойналатын спорт түрі. Аса шапшаңдықты талап ететін спорттың бұл түрінде университет ұжымы жақсы ойын өрнегін көрсетті.


– Өткен жылға қарағанда биыл қатысушылардың ойын ойнау деңгейінің әлдеқайда өскенін байқадық. Спартакиада қатысушыларына алғысымды білдіремін, – дейді бас төреші Әлішер Төлеубаев.


Айта кету керек, үстел теннисінен ойынға он команда қатысты. Олардың ішінен оқ бойы озық шыққандары – Жоғары колледж, ІT және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі мен ректорат командалары.


Спартакиаданың екінші күні ерлер мен әйелдер арасындағы волейбол ойынымен жалғаспақ