11 Қаңтар 2024


БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖОО-да басқарманың жоспарлы отырысы өтті. Кезекті жиналыс барысында қатысушылар тоғыз өзекті мәселені талқылады. Атап айтсақ, екінші жартыжылдықта оқу үрдісін ұйымдастыру, бірінші жартыжылдықтағы оқу жүктемесі, Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың ШҚО кәсіпорындарымен ғылыми-техникалық әріптестігі, педагогикалық мамандықтардың бітіруші курстарының студенттері үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы, түлектерді жұмысқа орналастыру, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстары, кураторлармен тәрбие іс-шаралары айтылды. Сонымен қатар, басқарма мүшелері №15 орта мектеппен және «ШҚО ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында биология кафедрасының филиалдарын ашу мәселелерін қарастырды.
Отырыс соңында ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген қызметкерлерді туған күндерімен құттықтап, кәсіби еңбектерін атап өтті.