13 января 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ: МЫҚТЫ РУХ, СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТІҢ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕКТІҢ СИМВОЛЫ

2024 жылдың 12 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткен волейболдан облыстық спартакиадада Жоғары колледж командасы жақсы өнер көрсете білді. Әртүрлі оқу орындарынан келген 14 команданың ішінде Жоғары колледж командасы жартылай финалға жолдама алды, ал финалда біздің команда құрметті 3-орынға ие болып, кәсіби шеберлік пен жеңіске деген ұмтылыс командамызға тән қасиет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бұнымен қоса, Жоғары колледж командасының мүшесі Ахметханова Тоғжан Мырзаболқызы «Үздік байланыстырушы» номинациясымен аталып өтті.

Осындай жақсы жаңалықтармен бөлісе отыра, біз барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және ұйымдастырушыларға тамаша спорттық жарыс үшін алғыс айтамыз. Бұл Жоғары колледж командасының әрбір мүшесінің жүрегінде өзінің жарқын естеліктерін қалдыратын ұмытылмас оқиға болды!