17 Қаңтар 2024


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ӨСУІ ҮШІН AI ЖӘНЕ IT БОЙЫНША ТРЕНИНГ ӨТТІ

Әдістемелік семинарлар циклі аясында «Болашақ білімі: ChatGPT және нейрожелілерді қолдану бойынша педагогтарға арналған практикум» семинар-тренингі өтті. Шара оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімімен ұйымдастырылды. Семинар жұмысына ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылар университеттердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдану жайын талқылады.


Семинар басталғанда Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов сөз алып, семинарға қатысушыларды еліміздің дамуына лайықты үлес қосуға шақырды.
Семинарда білім беру процесіне жасанды интеллекттің жаңа технологияларын енгізудің өзекті мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар ChatGPT және нейрондық желілердің жұмыс принциптерімен танысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ осы технологияларды оқушылармен жұмыс істеуде қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.


Спикерлар мен тренерлар қатарында компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Кабдрахманова З.Г., компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Карменова М.А., п.ғ.к., педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының профессоры Паньшина Т.В. болды. Семинарда қарастырылған негізгі тақырыптардың бірі ChatGPT-ді білім алушыларға оқыту және қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану болды. Қатысушылар ChatGPT негізіндегі чатботтарды интерактивті сабақтар құруда, тестілеу және сабақтан тыс уақытта қолдану жайын талқылады.


Сондай-ақ, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және деректерді талдау салаларын қоса алғанда, білім беру процесінде нейрондық желілерді қолданудың практикалық мысалдары ұсынылды. Қатысушылар осы технологияларды оқу жоспарлары мен бағдарламаларына біріктіруге мүмкіндік беретін құралдар мен әдістемелерімен таныса алды.
Жасанды интеллектті білім беруде қолданудың этикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар деректердің құпиялылығы, қауіпсіздік және нейрондық желілерге негізделген білім беру технологияларын әзірлеу мен пайдалануда этика принциптерін іске асыру мәселелерін талқылады.


Семинар қатысушыларға білім берудегі жасанды интеллекттің жаңа технологияларымен танысуға, олардың қолданылуын талқылауға және оларды енгізуге байланысты ықтимал артықшылықтар мен проблемаларды бағалауға мүмкіндік берді.

Семинар қызықты әрі танымды өтті. Қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерінде ChatGPT және нейрондық желілерді тиімді пайдалануға көмектесетін практикалық дағдыларға ие болды.