18 Қаңтар 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОН ЖӘНЕ AMANZHOLOV UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІШІЛІК СПАРТАКИАДА-2024 КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Университет оқытушылары мен қызметкерлерін бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларына тарту мақсатында ұйымдастырылған 2024 жылғы 5-18 қаңтар аралығындағы спартакиада  аяқталды.
Жиынға басқарма-төрағасы ректор Мұхтар Төлеген қатысып, университет ұжымының бұқаралық спортты дамытудағы үлесіне алғысын білдірді. Сондай-ақ, жиынға арнайы келген Өскемен қалалық Дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің жетекшісі Ербол Қоңыратов университеттегі спартакиданың маңыздылығын атап өтті.

– Осындай ауқымды шараның өткізіліп жатқаны, университет ұжымының белсенділігі мен бірлігі қуантты. Өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауда, спартакиада ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысымды білдіремін, – дейді Ербол Қоңыратов.

Ал, Жоғары колледж өзінің студенттері мен қызметкерлерін керемет спорттық жетістіктерімен қуантуда. Спартакиаданың екі дүркін чемпион атанып, Жоғары колледж спорт саласында да өзінің жоғары стандарттарын растады. Спорттың жеті түрінен бақ сынасты. Атап айтқанда, үстел теннисі, жүзу, волейбол, футзал, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс. Жалпы команда саны 10.

Командалық ойында ерекше көзге түскен ойыншылар да аз емес. Олардың бірқатарына “Үздік ойыншы”, “Үздік қорғаушы”,”Үздік шабуылшы” сынды номинациялар тағайындалды.

Бұл жетістік ұжым үшін мақтаныш және олардың спорттық шеберлігінің дәлелі болды. Жеңіс ұзақ және қарқынды дайындықтың, ауыр жаттығулардың және команданың тынымсыз күш-жігерінің нәтижесі. Ол спорттық шеберліктің жоғары деңгейін және спортшылардың  тәжірибеліктерін көрсетті. AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОО ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлының белсенді қолдауының арқасында Жоғары колледж ұжымы үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін қосымша ынталандыру мен күш-жігерге ие болды.

– Лайықты жеңістерді жеңімпаздардың өздері ғана емес, сонымен қатар Жоғары колледждің және біздің сүйікті AMANZHOLOV UNIVERSITY ұжымы да бағалады. Мұндай спорттық жетістіктер салауатты өмір салтын және белсенді уақытты қолдаудың тамаша мүмкіндігі ретінде ғана емес, сонымен қатар колледждің жалпы береке мен бірлігін көрсетеді. Біз спортшыларымызды мақтан тұтамыз және оларға болашақта сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!, – дейді Жоғары колледж директоры Бибигуль Толегенова

Нәтижеге тоқталсақ, үшінші орынды ректорат командасы, екінші орынды IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі иеленді. Ал тартысқа толы сайыста бас жүлде жоғары колледж командасының қанжығасында. Сонымен қатар, спартакиада жеңімпаздары қаржылай сыйлықтар иеленді.

Айта кету керек, университет ұжымы арасында екінші жыл қатарынан дәстүрлі спартакиада ойындары өткізіліп келеді. Бұқаралық спортты дамытуда дәл осындай сайыстардың маңызы зор.