18 Қаңтар 2024


РЕКТОР КУБОГІ: ВОЛЕЙБОЛ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да қала мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында өтіп жатқан волейбол сайысы аяқталды.
Университет басшылығы кіл мықтыларды марапаттады. Тартысқа толы сайыста оқ бойы озық шыққандарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Командалық ойында ерекше көзге түскен ойыншылар да аз емес. Олардың бірқатарына “Үздік ойыншы”, “Үздік либеро”, ”Үздік шабуылшы”, ”Үздік блокатор” номинациялары тағайындалды.
Сайыста аса басымдықпен екінші орын және қаржылай 150 мың теңге сыйлықпен №11 мектеп ойыншылары марапатталды. Ал үшінші орын мен 100 мың теңге сыйлықты №20 мектеп ойыншылары иеленді. Ал, ректор кубогі №46 мектептің оқушыларынан құрылған командаға табысталды. Сондай-ақ, жеңімпаз команда 200 мың теңге қаржылай сыйлық иеленді.
Жалпы, жастар арасында дәл осындай сайыстарды өткізудің бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор.