25 Қаңтар 2024


ӘНҰРАН, ЖЕҢІС, УНИВЕРСИТЕТ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті өз командасының әлем чемпионатындағы тарихи жеңісі туралы айтып берді.

Өткен жылдың соңында қазақстандықтар Венгрияда өткен әлем чемпионатында шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының (20 жасқа дейін) жарқын жетістігі туралы жаңалыққа қуанды.Әйтсе де, бұл чемпионат қазақстандық хоккейшілердің ұлттық әнұранды әуенсіз орындауымен де есте қалды. Кейін, олар Дания командасын 3-2 есебімен жеңді. Ойыннан кейін,  хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының ұйымдастырушылары Қазақстанның әнұранын қосуы керек болғанмен,белгілі бір себептерге байланысты қосылмады. Алайда, жас спортшылар шатаспай әнұранды өздері шырқады. Қазақстан командасы осы турнирде бірінші орын алды. Бұл жеңістің арқасында біздің жігіттер элиталық дивизионға түсіп,әлемдегі ең мықты командалармен ойнайтын болды.

Еліміздің жастар құрамасының құрамында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың педагогика жоғары мектебінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Артем Шестаков ойнайды.

Қазір ойын маусымы қызу жүріп жатыр. Өзінің тығыз кестесіне қарамастан, ол Өскеменге туыстарын, достарын көріп, сессияны тапсыру үшін келген екен.

Педагогика жоғары мектебінің деканы Гүлнар Құленованың айтуынша, Артем емтихандарды сәтті тапсырып, бірден кезекті жарыстарға Уфаға ұшып кетті. Сондай-ақ, ол Артемнің оқуда ең байсалды әрі ең тәртіпті студенттердің бірі екенін атап өтті.

Артем Шестаков-Қазақстанның көптеген үздік хоккейшілері сияқты, өзінің спорттық мансабын Өскемен Торпедосында бастады. Кейін 16 жасында  Астанаға көшіп, Барыс-2004 командасында ойнады.

Айтуынша, бұл чемпионаттағы жеңіс оларға өте қажет болғандықтан, соңына дейін жеңіске жету үшін тырысқан. Нәтижесінде,жастық максимализм мен жеңіске деген ерік-жігер өз жемісін берген.

-Ойындардың ішінен біреуін қиын деп атап өту мүмкін емес, олардың әрқайсысы оңай болған жоқ.Соңғы ойында ұтылғанымыз болмаса,ұпай бойынша бірінші  орын алдық. Ал,Әнұранмен болған оқиғаға келетін болсақ, ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранының түсініксіз ремиксін енгізді, бізге  ұнамағандықтан әнұранды музыкасыз шырқадық,-дейді Артем Шестаков

Айтуынша,белсенді кәсіби спорттық қызметпен  оқуды қатар алып жүру оңай емес, бірақ мүмкін. Спортшыларға оқытушылар көмектесіп, қашықтықтан тапсырмалар береді.Ал,спортшылар болса бәрін уақытында орындайды.

– Қиын деп айта алмаймын.Әйтсе де,кейде оңай емес.Барлығын біріктіруге болады, – дейді чемпион.

Қазір Артем өз командасымен бірге  жаттығулар жасап, жақын арада жерлестерін жаңа жеңістермен қуанту үшін аралық матчтар өткізуде.