31 Қаңтар 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ «ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ» ТУРАЛЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТҚА ҚАТЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде ОП-9В академиялық тобының   ұйымдастыруымен «Темекінің зияны» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

 Кураторлық сағаттың мақсатты: темекінің зиянын,  жаман әдеттердің пайда болу себептерін түсіндіру, адам ағзасына зиян келтіру дәрежесін және олардың таралуына қарсы күрес шаралары.

.«Тең – теңіне» әдістемесі аясында өткізілген іс-шараға студенттер және оқытушылар қатысты. Темекінің зияны туралы қызықты мәліметтермен танысып, бейнероликтер көрді. Кездесуге қатысқан оқытушылар мен студенттер қызықты пікір-сайысқа түсіп, өздеріне қажетті мәліметтерді  алды.