2 февраля 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАС ОҚЫТУШЫЛАРЫ «ЖАС ПЕДАГОГ МЕКТЕБІНІҢ» СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Жоғары колледждің әдіскері Айнур Манжуеваның ұйымдастыруымен «Жас педагог мектебінің» іс-шаралары аясында оқыту семинары өтті. Тақырыбы: «Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларын жобалау».  Іс-шараны 44 жыл тәжірибесі бар,  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джилкибаева Алма Ахмеджановна өткізді.

Оқыту семинарының басты мақсаты: Блум бойынша мақсаттарды құрастыру технологиясын және аталған таксономия негізінде  құрастырылған тапсырманы қолдана білу, оқу міндеттерінің таксономиясы туралы түсінік қалыптастыру, оны педагогикалық қызметте қолдану.

Семинар барысында жас оқытушылар материалды игеру деңгейіне сәйкес, тапсырмаларды құрастыру барысында Б.Блумның таксономиясына негізделген тапсырма конструкторын қолданды, мақсат қою технологиясы туралы  белсенді түрде талқылап,  білімдерін тереңдете түсті.