7 Ақпан 2024


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Құқықтану» ББ үшінші курс студенттері тәжірибелік сабаққа қатысты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығында болашақ криминалистерді одорологиялық сараптамаға және қылмыскерлерді ұстау ерекшеліктеріне үйретті. Айта кету керек, сабақты Өскемен қаласы полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисті Айнұр Ахметова ұйымдастырды.