13 Ақпан 2024


СТУДЕНТТІК СПОРТТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданғаны мәлім. Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын адамдардың саны шамамен 6 млн. адамға жеткенін атап өтті. Оның ішінде 561 мың жасөспірім бар.


ШҚУ-да студенттік спорттың қалай дамып жатқаны жайлы С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген айта өтті. Айтуынша, дене тәрбиесі мақсатында ЖОО спорт клубы мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасымен бірлесіп түрлі спорттық шаралар өткізеді.


Мәселен, 2023 және 2024 жылдары «Құтқарушы» әскери-спорттық іс-шарасы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ПОҚ мен қызметкерлеріне арналған спартакиада, «Сәлеметсіз бе, ЖОО!», Республика күніне орай Қазақстан тауына жеңіл атлетика жарысы, ШҚУ ректор кубогына ЖОО мен колледждер арасында волейболдан қалалық турнир, С.Аманжоловтың 120 жылдығына арналған студенттер арасында шахматтан біріншілік, ШҚО мектеп мұғалімдері арасында волейболдан ШҚУ ректор кубогына арналған турнир және басқа да жарыстар өткізген.


– Педагогика Жоғары мектебінің спортшылары көптеген спорт түрлері бойынша ШҚУ құрамаларының көшбасшылары. Мәселен,»Дене шынықтыру және спорт» ББ студенттері Ақтау қаласында өткен жазғы универсиадаға қатысты. Біздің жастар халықаралық, республикалық турнирлерге белсенді қатысады. Олардың арасында волейболдан ҚР Ұлттық лигасы командаларының өкілдері бар, – дейді ЖОО басшысы.


С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері шайбалы хоккей, каратэ, кикбоксинг, гір спорты, қазақша күрес және басқа да спорт түрлерінен республикалық, Азия және әлем біріншіліктерінің жеңімпаздары.

Сондай-ақ, жүзуден Азия Параолимпиада ойындарының жүлдегерлері атанды.


– Біздің жас спортшылар қол жеткізген нәтижелерімен тоқтамасы, әрі қарай ізденерлері анық, – деп қорытындылады Мұхтар Төлеген.