15 Ақпан 2024


ШҚУ ҒАЛЫМДАРЫ ТҮРКИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

    ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессорлары Айгүл Әлімхан мен Айжан Қартаева Измир қаласының Эге университетінде (Түркия) шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу үстінде.  
    Қазіргі уақытта олар Түркі әлемі ғылыми-зерттеу институты мен Әдебиет факультетінде дәрістер мен түрлі кездесулерге қатысуда. ШҚУ ғалымдары Эге университетінің Әдебиет факультетінің «Түрік тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 және 4 курс студенттеріне Абай шығармашылығы бойынша дәрістер оқиды. Сондай-ақ, «Түркі әлемі» ғылыми-зерттеу институтында «Мұхтар Әуезов және түркі әдебиеті» ғылыми семинарында баяндама жасады.

   – Түркия және Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрліктеріне, Эге университетінің басшылығына, халықаралық бөлімнің қызметкерлеріне, филолог-ғалымдарға және С. Аманжолов атындағы ШҚУ басшылығына, халықаралық бөлімнің қызметкерлеріне жоғары білікті мамандармен тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті Amanzholov University өкілдері.