19 февраля 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ДЕКАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжнің «Педагогика және психология» ПЦБ-ның ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар» атты декаданың ашылу салтанаты өтті. Жоспар бойынша ұйымдастырылған  бұл іс-шара 19 ақпаннан бастап – 1 наурызға дейін жалғасады.

Декаданың басты мақсаты екі апта көлемінде әріптестердің өзара іс- тәжірибе алмасуы және студенттермен түрлі жұмыс түрлерін өткізіп, болашаққа жарқын қадам басатын, ұлы тұлғаларды тәрбиелеу және білім беру. Жоғары колледж директоры Бибигуль Толегенованың құттықтау сөзінен басталған іс-шара қызықты әрі креативті ойлармен ерекшелене түсті.

-Декада кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып бекітілді. Алдағы уақытта «Педагогика және психология» пәндік циклдік бірлестігіне сіттілік тілейміз!, — дейді Жоғары колледж директоры Бибигуль Толегенова.

Колледж фойесі талапқа сай безендіріліп, сонымен қатар «Жаңартылған білім – жаңаша дамудың кепілі» деген ұстаныммен көрме жұмыстары назардан тыс қалмады. Ұлттық ойындар, логикалық сұрақтар мен әсем ән шырқалып, көңілді әзілдерге толы, жоғары деңгейде ұйымдастырлған ерекше іс-шара болды.