19 Ақпан 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖЫР ТҰЛПАРЫ-МҰҚАҒАЛИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да университет студенттеріне арналған “Жыр тұлпары-Мұқағали” байқауы өтті.
Байқау үш кезеңнен тұрды.Алғашқы кезеңде студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса,”Білгенге маржан” кезеңінде ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сауалдардан сүрінбей өтті.Ал,соңғы кезең студенттердің ақынға арналған арнауларынан тұрды.
Ақынға арналған арнаудың ішінде Мереке Тілеуберді мен Мадина Серікованың шығармашылығы ерекше көзге түсті.
Әділқазылар алқасы болса, өз сөздерінде кіл мықтыларды анықтаудың қиынға түскенін және студенттердің талабы мен ынтасын атап өтті.


-Байқау жоғары деңгейде өтті.Студенттер тіл өнерін,поэзияны сүйетіндерін көрсете білді,-дейді балалар жазушысы,ақын Кәмшат Нұғыманова.
Тартысқа толы байқауда үшінші орынды Бүлдіршін Толқын,Мадина Серікова иеленсе,екінші орын Мереке Тілеубердіге табысталды.Ал,байқаудың кіл мықтысы болып,бірінші орынды Марина Макамет иеленді.


-Мұқағали оқуларына үш жыл қатарынан қатысқандықтан,бұл байқауға дайындалу қиын болмады.Ақиық ақынның шығармашылығына қатысты байқауда жеңімпаз атану мен үшін үлкен жетістік,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Марина Макамет.


Байқау соңында қорытынды сөз айтылып,қатысушылар алғыс хатпен,жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.


Жалпы,ақиық ақынның шығармашылығына қатысты дәл осындай байқаулардың өтуінің студенттер үшін маңызы зор.