22 Ақпан 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ШҚУ студенті Амина Қамбарова ТМД ғылыми-білім беру мекемелері арасында жүзеге асырылып жатқан «VIII Халықаралық кітап басылымы», «Үздік жас ғалымдар-2023» жобаларының жүлдегері атанды. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алушы ағылшын тілі байқауында өз білімін жоғары деңгейде көрсеткен. Атап айтқанда, «Жаһандық әлемдегі шет тілдерінің рөлі» тақырыбында авторлық эссе қорғап, пікірталасқа қатысқан.


Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша Амина Қамбароваға білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін II дәрежелі диплом және «ТМД-ның үздік студенті-2023» төсбелгісі берілді.


Айта кету керек, «VIII Халықаралық кітап басылымы», «үздік жас ғалымдар-2023» жобаларын «Бөбек «Жалпыұлттық қозғалысы»қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.