23 Ақпан 2024


«ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ МАНСАП ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ

22 ақпаннан бастап «Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан университеттері жанындағы мансап орталықтарының қызметкерлері үшін оқыту семинарларын ұйымдастыруды бастады.
Мәселен, жұмысқа бөлу, өтеуден босату немесе өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру үшін мансап орталықтарының қызметкерлері жыл сайын «Жас мамандарды есепке алу» электрондық базасында жұмыс істейді. Бұл базаның деректері мамандарға біліктілікті арттыруға және жүйенің жаңартылған қызметтерін зерттеуге мүмкіндік береді.
«Қаржы орталығы» АҚ – бұл жас мамандар мен PhD-дің білім беру грантын өтеу жөніндегі міндеттерді орындауда мониторинг пен бақылау жүргізетін оператор.