26 Ақпан 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МАРАФОНЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжде «Педагогикалық инновациялар: идеядан тәжірибеге дейін» атты педагогикалық идеялар марафоны өтті.

Марафон аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенттерімен тәжірибе алмаса отырып, бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі қызықты әдістемелер мен технологиялармен танысу, педагогикалық мамандықтардың білім алушылары үшін қарым-қатынас жасайтын және қызықты ақпарат беретін жұмыс алаңдары ұйымдастырылды.

Марафон бағдарламасының мақсаты бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі саласындағы практикалық білім мен дағдыларды қорытындылау.

 

Диалог алаңдарында модераторлар НО4А(9) тобының білім алушылары, шығармашылықты жақсы көретін студенттер. Олар марафонды  қызықты етіп өткізіп қана қоймай, білімге құштар басқа да студенттерге педагогикалық мамандықта білім берудің жеке де, белсенді әдіс-тәсілдері мен технологияларын ұйымдастырып, сабақты қызықты өткізу бойынша шеберліктерін көрсетті.