29 Ақпан 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ОЙЫН ӘЛЕМІНІҢ ШЕБЕРХАНАСЫНДА» АТТЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Жанапина Асем мен Бекмукамет Мунира «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  мамандығы бойынша ДО2Б(9), ДО3Б(9), ДО2Б(11) топтар арасында «Ойын әлемінің шеберханасында» атты байқауы ұйымдастырды.

Мектепке дейінгі жаңартылған білім беру мазмұныны мен мақсаты білім алушылардың алған білімдерін зертханалық жұмыспен ұштастыру, өз мамандығына шыңдай түсу,  тәжірибесін басқаларға өнеге ету. Білім алушылар өз ойын ашып жеткізуге белсенділігін арттыру. Біліктілігін, іскерлігін, кәсіби құзыреттілігін шыңдау. Бірлесе топ болып жұмыс істеуді үйрену. Инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізе отырып, болашақ мамандардың шығармашылық ізденісін, қабілетін арттыру. Болашақ мамандығына  деген ынтасын арттыру.

Сайыс барысында білім алушылар өз ара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, коммуникациялық, әлеуметтік, денсаулық, шығармашылық, танымдық зияткерлік дағдыны дамытуға арналған ұлттық құндылығымызға бай әр түрлі дидактикалық ойындар жиынтығы мен  дамытатын кітапшаларды дайындап көрме жұмыстарын көрсетіп, белсенді болды.

 

Әділқазылар алқасы  білім алушылардың әр кезеңдегі тапсырмаға әділ шынайы бағалап, сайысты қорытындылады. ДО2Б(11) тобы 1-орынды,  ДО2Б(9) тобы 2-орынды, ДО3Б(9) тобы 3-орынды иеленді.