4 марта 2024


ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА

   Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары информатика пәнінен оқушылар арасында облыстық олимпиада өткізді.
   IТжЖҒ Жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиқанованың айтуынша, ШҚО мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Барлығы 11-сыныптың 69 оқушысы тіркелген.
   — Олимпиада аясында кафедрада әзірленетін білім беру бағдарламалары, университет ұсынатын ресурстар, гранттар, академиялық ұтқырлық және университеттің инновациялық білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді, — деді Салтанат Адиқанова.
   Сондай-ақ, оқушылардың жетекшілері үшін «Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі ұйымдастырған «Жасанды интеллект технологиялары» тақырыбында семинар өткізіліп, студенттердің стартап жобалары мен ғылыми жұмыстары таныстырылды.
    Олимпиада екі кезеңде өтті: Google қызметтері арқылы тестілеу және «Инклюзивті білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында қазылар алқасы алдында жоба қорғау.
   Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 27 оқушы келесі кезеңге өтті. Екінші кезеңнен кейін қазылар алқасы оқушылардың жақсы дайындығын атап өтіп, қорытынды шығарды.
   Бас жүлдені Катонқарағай ауданы С. Ластаев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Меруерт Сайранбекқызы жеңіп алды. (жетекшісі: Жамбылова Альмира Казлесовна).
   Бірінші орынды Өскемен қаласы З. Ахметов атындағы №16 орта мектептің 11-сынып оқушысы Хамзанов Рахман иеленді (жетекшісі Сейтқазинова Назгүл Жәнібекқызы).
   Екінші орынды Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Қажымханова Алина (жетекшісі Нашинова Жұпар Келгенқызы) және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Қабдрашит Ерасыл (жетекшісі Садықанова Орынгүл Орымқанқызы) иеленді.
   Үшінші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Алиев Кирилл (жетекшісі: Садықанова Орынгүл Орымқанқызы), Алтай қаласы мектеп-лицейінің өкілі Кодяков Даниил (жетекшісі Иванова Ирина Евгеньевна) және Глубокое ауданы Оралхан Бөкей атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Зейнолданова Балнұр өзара бөлісті (жетекшісі: Ағызам Дәулетбек).
   Барлық жеңімпаздар мен номинанттар дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды.