4 марта 2024
ШҚУ-ДА БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДА ӨТТІ
ШҚУ-да ШҚО мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында даулар мен жанжалдарды шешу саласындағы құқық бойынша облыстық олимпиада өтті. Білім бәйгесіне бес команда қатысты.
Олимпиада екі негізгі турдан тұрды. Командалар өздерінің ағартушылық, медиативтік іс-шараларының әзірленген сценарийлерін сабақтар, семинарлар, акциялар, сабақтан тыс шаралар түрінде мультимедиялық презентация түрінде таныстырды. Соңында кәсіби медиаторлар, университет оқытушылары құрамына кірген қазылар олимпиада жеңімпаздарының үштігін жариялады.
Бірінші орынды облыс орталығының №22 мектебінің өкілдері иеленді. Екінші орын Алтай қаласының орта мектебінің командасына, үшінші орын Өскемен қаласының №9 мектебіне бұйырды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар сертификаттармен және алғысхаттармен марапатталды. Бас жүлде Құқықтану мамандығы бойынша оқу гранты болды. Оның иегері №22 мектептің 11-сынып оқушысы Аружан Қажиақберова атанды.
– Менің ойымша, бұл олимпиадада мен өзімнің көп қабілетімді аштым. Мен өзіме грантты жеңіп алуды мақсат етіп едім. Ата-анамның үмітін ақтағаныма қуаныштымын, — дейді Аружан.
Қазылар алқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының судьясы Анжелика Володкина атап өткендей, облыстық олимпиада оқушылар арасында осы университетте оқуын жалғастыра алатын дарынды балаларды анықтауға көмектеседі. С Аманжолов атындағы ШҚУ білікті кадрларды дайындайтын бірден-бір орда. Осы жерден құқық қорғау органдарында, прокуратурада, сот органдарында жұмыс істеуге дайын мықты мамандар шығады. Университеттің мектеп медиациясына көп көңіл бөлуі өте дұрыс шешім.
– Мен үшін бұл олимпиадаға қатысу тамаша мүмкіндік. Менің келешек кәсіби жолымдағы алғаш баспалдақ деп білемін. Осы университетте білім алып, білімді заңгер болғым келеді, – дейді Алтай қаласынан келген Руслан Станкевич.
Шара университеттің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.