13 Наурыз 2024


«WORLDSKILLS –AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бірнеше күнге созылған «WorldSkills –AMANZHOLOV UNIVERSITY Жоғары колледжі» ашық чемпионатының  марапаттау сәтті өтті. Чемпионат барысында Колледж қабырғасы еңбекке толы, білім майданына айналды. 4 кұзыреттілік бойынша қатысқан 30 студент осы уақыт аралығында өз білімдерін сарапқа салды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану нәтижесімен ерекшеленді. «WorldSkills –AMANZHOLOV UNIVERSITY Жоғары колледжі» ашық чемпионатының жеңімпаздары мен жетекшілерін марапаттау сәті салтанатты түрде өткізілді.

«Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша ашық чемпионаттың 3 дәрежелі диплом иесі Қазезов Рахат, жетекшісі –  Рамазанова Эльмира.

2 дәрежелі диплом иесі Дидарқызы Нұрай, ал 1 дәрежелі диплом иесі Самарбекова Алтынай атанды. Жетекшісі –  Жүніспекова Риза.

 «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша ашық чемпионаттың 3 дәрежелі диплом иелері Салаватұлы Жансерік және Абзалбекова Керім. Жетекшілері –  Чыншаева Назгуль және  лектор – Заманбекова Айгерім.

2 дәрежелі диплом иесі Мырзабекова Аяулым, жетекшісі –  Рамазанова Эльмира.

Сержанұлы Ералы 1 дәрежелі диплом иесі атанды. Жетекшісі –  лектор- Копжасаров Бакытжан.

«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша ашық чемпионаттың 3 дәрежелі диплом иегері  Мукушева Анеля, жетекшісі –  Жанапина Асем.

2 дәрежелі дипломды Зейноллаева Айдана иеленді. Жетекшісі – Манкей Мөлдір.

1 дәрежелі дипломды Рафисова Сабина қанжығасына байлады. Жетекшісі- Асылхан Лейла.

«Бастауыш сыныпта оқыту» құзыреттілігі бойынша Шәріпова Аяулым 3 дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі-Кажыбаева Жұлдыз.

 2 дәрежелі диплом иесі Юрочкина Виктория, жетекшісі- Оразгалиева Жанна.

Болбадаева Іңкәр  дәл осы құзыреттілік бойынша 1 дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі-Манкей Мөлдір.

«WorldSkills –AMANZHOLOV UNIVERSITY Жоғары колледжі» ашық чемпионатының барлық қатысушылары арнайы сертификаттармен марапатталды. Қатысушылардың жетекшілері Алғыс хаттарға ие болды.  Ашық чемпионат осымен өз мәресіне жетті.