1 Сәуір 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ТІЛДЕР» ПӘНДІК ЦИКЛДІК БІРЛЕСТІГІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжнің «Тілдер » ПЦБ-ның ұйымдастыруымен «Бір үйдің баласындай» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Жоспар бойынша ұйымдастырылған  бұл іс-шара 1 сәуірден бастап – 5 сәуірге дейін жалғасады. Колледж фойесі ұлттық құндылықтарымызға сай безендіріліп, ұлттық дастарханымыз да назардан тыс қалмады. Апталықтың ашылуы «Қазақ осы» атты ОП9В тобының студенті Абутова Дильназдың ән тартумен басталды.

Апталықтың басты мақсаты бір апта көлемінде әріптестердің өзара іс- тәжірибе алмасуы және студенттермен түрлі жұмыс түрлерін өткізіп, болашаққа жарқын қадам басатын, ұлы тұлғаларды тәрбиелеу және білім беру. Жоғары колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Назгүл Исабаеваның  құттықтау сөзінен басталған іс-шара қызықты әрі креативті ойындармен ерекшелене түсті.

-Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып бекітілді. Алдағы уақытта «Тілдер» пәндік циклдік бірлестігіне сәттілік тілейміз!, – дейді Жоғары колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исабаева Назгүл.

«Тілдер» ПЦБ-ның жетекшісі Шынар Набиева апталықтың жоспарымен таныстырды. Ұлттық ойындар, логикалық сұрақтар мен әсем ән шырқалып, көңілді әзілдерге толы, жоғары деңгейде ұйымдастырлған ерекше іс-шара болды.

Атап өтсек, «Кім тапқыр», «Дәм сезу», «Асық жинау», «Кім епті», «Иә, жоқ» атты қызықты ойындар ұстаздар мен білім алушыларды баурап әкетті. ФК2Б тобының студенті Таурат Сымбат «Көңіл толқыны» атты күйді шертіп, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Апталықтың соңында оқытушылар «Бір үйдің баласындай» атты үш тілде ән шырқады. Апталықтың ашылуы өте жоғары дәрежеде өтті.