4 апреля 2024


«ХХІ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ: ТӘЖІРИБЕ, ПРОБЛЕМАЛАР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР» АТТЫ КОЛЛЕДЖІШІЛІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде 2024 жылдың 4 сәуірінде «ХХІ ғасыр жастары: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» атты жыл сайынғы колледжішілік ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Конференцияны өткізу Жоғары колледжде ғылыми-тәжірибелік жағынан маңызды оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Бұл үрдіс  ғылыми зерттеу жұмысының дамуына үлкен үлес қосады және ғылыми жобалармен жұмыс істеуге білім алушыларды ынталандырады.  Конференция мақсаты: шығармашылық және дарынды жастардың ізденушілік, оқу-танымдық және зерттеу қызметін жандандыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі білім алушыларының  патриоттық тәрбиесіне ықпал ету.

Конференция барысында білім алушылардың «Жаратылыстанудың өзекті мәселелері», «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен даму тенденциялары», «Педагогика саласындағы ғылыми — қолданбалы аспектілер» бағыттары бойынша баяндамалары тыңдалды. 

Конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, сертификаттар берілді.