9 апреля 2024
«Ғылым айына» арналған іс-шаралар бағдарламасы
«Ғылым айына» арналған іс-шаралар бағдарламасы «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ
2024 жылдың 03 сәуірінен 30 сәуір аралығында «С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан университетінде» «ҒЫЛЫМ АЙЫ» өтеді.
Бағдарлама аясында түрлі ғылыми іс-шаралар жоспарланған:
- «Юмаш Кәрімұлы Увалиев атындағы шәкіртақы тағайындау туралы» конкурсы;
- «Үздік жас ғалым» байқауы;
- «Үздік студенттік ғылыми үйірме» байқауы;
- «Мамандық бойынша үздік» байқауы;
- Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Білім-ғылым-бизнес интеграциясы: өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
- Университет студенттері мен жас ғалымдарының Start UP жобалар көрмесі;
- Ғылыми орталықтар мен зертханалардың ғылыми жетістіктерінің көрмесі;
- «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізгі аспектілеріне шолу» ғылыми вебинар;
- «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін ғылым мен тәжірибенің интеграциясы» дөңгелек үстелі;
- Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Қазақ және әлем тілдері»
- ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Рабиға Сыздықтың 100 жылдығына арналған «Академик Рабиға Сыздық – жаңа таза, ойы жүрекі, қалам ұшқыр, ғылымдағы адамы қарымды ғалым» атты ғылыми семинар;
- «Әмбебап ғалым Әбдуәли Қайдаровтың ғылыми мұрасы» республикалық дөңгелек үстелі;
- ШҚО және Өскемен қаласы оқушыларының ғылым фестивалі;
- Шығыс Қазақстанның флорасы мен фаунасын сақтау мәселелері бойынша «Шығыс Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау аспектілері» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы;
- «Университет ғылымы – аймақтың экономикалық өсу нүктесі: стратегияларды қалыптастыру және форсайттық зерттеулер» ФОРУМЫ;
- Coursera орталығының ашылуы;
- Тұрақты даму орталығының ашылуы;
- Академик Б. Мамраев атындағы ғылыми кітапхана базасында Коворкинг-орталықтың ашылуы;
- ӨКПИ бірінші ректоры, профессор Увалиев Ю. К. кабинетінің ашылуы;
- «Shygys-BASTAU» технопаркінің ашылуы;
- «Materials Engineering» технологиясының құзыреттілік және трансферт орталығының ашылуы;
- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «География» және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық пәндік олимпиадалар өткізіледі.