9 апреля 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
9 апреля 2024
Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлназ Садықанова «Coursera» платформасы үшін техникалық талаптар мен мазмұндық бөлік бойынша оң сараптамалық қорытындыларға ие болған «Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы немесе жасушаға саяхат» онлайн-курсын таныстырды. Жақын арада профессор Coursera Kazakhstan командасымен бірлесіп курс материалдарын Coursera әлемдік платформасына жүктей бастайды. Гүлназ Садықанова «Coursera қазақ тілінде» жобасы аясында авторлық жұмысты орналастырған алғашқы қазақстандық ғалым атанбақ.
-Менің зерттеу пәнім – жасуша биологиясы. Курстың мақcаты – жаcушаны күрделі биологиялық жүйе ретінде зерттеу, оны физиология, генетика, молекулалық биологияны меңгеруде қолдану. Менің жұмысымда жасуша теориясы, жасушаларды ұйымдастыру түрлері, эукариоттық жасушаның құрылымдық-функционалдық жүйелері, генетикалық ақпаратты сақтау, көбейту және енгізу жүйесі туралы соңғы мәліметтер берілген, — деді профессор.
Айта кетейік, ШҚУ қызметкері «EdSmart Premium» интерактивті бейнежазбасының жаңа мультимедиялық студиясының арқасында сапалы ұсынған бейне курсын дайындай алды. Цифрлық зертхана бейне-аудио жабдықтармен жабдықталған, бұл оқытушыларға заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, Coursera платформасы үшін білім беру контенті мен курстарын дайындауға мүмкіндік береді.