12 Сәуір 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АӨК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

 Аманжолов университетінде ғылым айы аясында Ұжымдық Қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана базасында жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен «Агрошаруашылық кешеніндегі материалтану ғылымы» атты ғылыми семинар өтті.

     Семинар барысында қазіргі таңда агроөнеркәсіптің өзекті мәселелері, яғни, ауылшаруашылығын цифрландыру, егіс техникаларының қосалқы бөлшектерінің механикалық қасиеттерін жақсарту, әлемдік климаттық өзгерістер әкеліп соғатын құрғақшылықтың алдын алуда қолданылатын жаңа материалдар әзірлеу, жоғалып бара жатқан ауылшаруашылық өнімдерін культивациялау бағытындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланды.