15 Сәуір 2024


«АВАНГАРД» ТЕАТР-СТУДИЯСЫНЫҢ СПЕКТАКЛІ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Авангард» театр-студиясының «8 әйел «спектаклі өтті. Театр жетекшісі және шығармашылық жұмыстың қоюшы-режиссері-Алма-матер түлегі Никита Дерябин.

Роберт Томның пьесасының желісінде қойылған детективтік драма көрермендерге бір отбасы мүшелерінің арасындағы жұмбақ қылмыс туралы жеткізіп, оларға нағыз детектив әлемін сезінуге мүмкіндік берді.

Айта кету керек, талантты жастардың екі сағаттық актерлік ойынын бағалауға 100-ден астам адам келді.