24 апреля 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Жоғары колледжде қалалық және аудандық мектептердің 200-ден астам оқушысы қатысқан Ашық есік күні өтті. Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы колледждің әлеуетті студенттерін мамандықтармен, материалдық-техникалық базамен, ЖОО инфрақұрылымымен және студенттік өмірмен таныстыруға бағытталған.

Әрбір қонақты және оның ата-анасын есіктен салтанатты түрде киінген жоғары колледж оқытушылары мен студенттері қарсы алды. Ал жалпы залға барар жолда балалар ШҚУ  туралы негізгі ақпараты бар стендтер көрмесін зерделеуге мүмкіндік алды.

Іс-шараның ауқымды бағдарламасы студенттік белсенділер орындаған би мен әндерден басталды. Ресми бөлім барысында жоғары колледж директоры Бибігүл Төлегенова білім беру бағдарламаларын таныстырды. Олардың ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тәрбиешісі», «Тәрбиешінің көмекшісі», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт», «Негізгі орта білім беру тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Аударма ісі (түрлері бойынша)», «Есеп және аудит», «Құқықтану», «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Зертханалық технология». Айта кетейік, аталған ББ-ға 9-11 сыныптардан кейін түсуге болады.

Жоғары колледжді бітіргеннен кейін біздің түлектеріміз университет қабырғасында бакалавриат мамандықтары бойынша ҰБТ тапсырмай оқуын жалғастыруға тамаша мүмкіндік алады. ШҚУ — бұл сапалы білім, мемлекеттік гранттар, жұмысқа орналасу, заманауи зертханаларда тәжірибеге бағдарланған оқу орыны, — деді Бибігүл Төлегенова.

Іс-шара барысында мамандық таңдауына қарай топтарға бөлінген оқушылар викториналар мен куиздерге қатысып, шығармашылықпен айналысып, тест тапсырды. Сонымен қатар, қара шаңыраққа келген қонақтарға университет мұражайына, криминалистикалық орталыққа, кітапханаға және «Дана бала» үздіксіз инклюзивті білім беру орталығына экскурсия жүргізілді.

Оқушылардың айтуынша, Ашық есік күні оларды көптеген пайдалы ақпараттарға қанық болған. Болашақ талапкерлер оқу орнымен танысып, көптеген жағымды әсерлерді бастан өткерді.

 

Жоғары колледж туралы толығырақ ақпарат алу үшін +7-(7232) 540769 телефоны арқылы хабарласу қажет. Эл.почта: vku_college@vku.edu.kz