24 апреля 2024


СТУДЕНТТЕР ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ

 С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Әділбекұлының бастамасымен патриоттық диктант өтті. Студенттер арасында өткен жалпыұлттық диктант «Біздің күшіміз-бірлікте» тақырыбына арналды.

Мақсат-студенттерді патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу.

Диктантқа қатысқандардың қарасы қалың.

-Осындай диктанттар біз үшін өте пайдалы деп ойлаймын. Маған қатты ұнады. Тақырыптың өзі бірлікке, елжандылыққа шақырады екен-,дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Айдана Нұржанова.

Студенттердің айтуынша, диктант жазу отансүйгіштікке, елжандылыққа шақырып қана қоймай, сауатты жазуға да  үйретеді

-Студенттердің ынтасы байқалды. Жақсы жазып шықты. Тақырыптың өзі студенттерді бірлікке, татулыққа шақырады,- дейді қазақ орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айгүл Әлімхан.

Айта кету керек, диктантқа 500-ден астам студент қатысты.