26 Сәуір 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ АТАНДЫ

     С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Журналистика» ББ 2-курс студенті Бақытбекова Әмина ҚР «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауда 1 дәрежелі дипломмен және “ҚР үздік студенті» мүсіншесімен және төсбелгісімен марапатталды.

Айта өту керек, марапаттау рәсімі «Әділетті Қазақстанның тірегі – адал жастар» форумы барысында өтті.

-Университет қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаным үшін осындай марапат иелену бұйырыпты.Әлі де талай университеттегі шараларға белсене араласып, тың жобалар істеуге дайынмын,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Әмина Бақытбекова

Сондай-ақ,студент еліміздің үздік 100 студентінің қатарына кіріп,арнайы сыйлықты иеленді.

Айта кету керек,Әмина университет қабырғасындағы белсенді,талапты жастардың бірі. Журналистикаға қатысты медиа жобалардың, подкасттардың авторы. Сондай-ақ,гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің өзін-өзі басқару «Парламент» ұйымының төрағасы.