2 мая 2024


ШҚУ-ДАҒЫ ҒЫЛЫМ ФЕСТИВАЛІНДЕ ОҚУШЫЛАР ӨЗ КРЕАВТИВТІ ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

  С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Ғылым айы аясында өтетін Ғылым фестивалінде оқушылар физика, география, жаратылыстану, нейротехнология, робототехника, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы әзірлемелерін ұсынды. Ең бастысы, олардың барлығы пайдалы және өмірде қолдануға арналған.
Мысалы, Серебрянск қаласының 4-сынып оқушысы Камила Джангурчинова емледе кәмпит қағаздарын қолдануды ұсынды.
— Мен сыныптастарым арасында кейбірінің кәмпиттердің атауын жазуда қате жіберетіндерін жиі байқадым. Осылайша сауатты жазуда кәмпит қағаздарын қолдану идеясы ойыма келді. Себебі, тәттіні жақсы көрмейтін бала жоқ шығар. Сондықтан, пайдасы көп деп ойлаймын, — дейді Камила.
Тағы бір қызық жоба – туған өлке туралы өлеңдерді ағылшын тіліне аудару әдістері. Жобаны катонқарағайлық Амира Жұмалиева ұсынады. Ол өз жобасын практикалық қолданудағы нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Фестиваль қорытындысы бойынша қазылар алқасы өңірдің ең үздік жас ғалымдарын анықтайтын болады.