13 мая 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ АНАЛАР КҮНІ ӨТТІ

Жоғары колледжде Аналар күніне арналған іс-шара өтті. Басты мақсат — студенттердің ата-аналармен қарым-қатынасын жақсарту және тиімді өзара байланыс құруға шақыру.
Мереке барысында студенттер мен олардың аналары топтық жұмыс істеп, викторина мен психологиялық ойындарға қатысты.


— Бұл әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетін маңызды мереке. Бүгін анаммен ерекше күн өткізгеніме қуаныштымын, — дейді студент Виктория Киселева.


Аналар күнін мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елі атап өтеді: АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия, Австралия және т. б.
Бұл мереке 2024 жылы алғаш рет Қазақстанда 12 мамыр күні аталып өтті.