22 Мамыр 2024


ШҚУ-ДА ХИМИКТЕР КҮНІ ӨТТІ

 С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың химия кафедрасында химиктер күніне орай “Химик күні-2024” атты мерекелік іс-шара өтті.

Шараның мақсаты-химия саласының болашақ мамандарының мамандыққа деген қызығушылығын ояту.

Шарада химия саласының студенттерінің жыл бойы жиналған жетістіктері де аталып өтті.

-Бұл шара жыл сайын өтеді.Жылдың үздіктерін атап өтіп,бітіруші түлектерге арнайы қойылым,концерттік нөмірлер дайындадық,-дейді химия кафедрасының лекторы Мөлдір Асқарқызы.

Сондай-ақ,шара барысында бітіруші түлектерде қалыс қалмады.Түлектерге арнайы “Бала махаббат” “Нәзік” сынды концерттік нөмірлер қойылды.

-Біз үшін “Химик күні” ең маңызды мереке.Ақ халат кисе де дәрігер болмайтын бұл мамандықтың артар жүгі көп.Бітіруші түлектерге арнайы осы мерекемен құттықтап,ерекше әсер сыйлау үшін әбден дайындалдық,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Нұрәлі Мұхамедалиев.

Шара барысында жылдың кіл мықтылары алғыс хаттармен марапатталды.

Осылайша,әуезді ән шырқалып,қызықты ойын ойнатылған мерекелік шара “Армандастар” атты әуенді шырқаумен аяқталды.