23 Мамыр 2024


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ ЖАПОНИЯДА БАЯНДАМА ОҚЫДЫ

Amanzholov University-дің физика және технологиялар кафедрасының профессоры Людмила Квеглис Жапонияның Нагоя қаласында өткен «Analytix-2024» халықаралық конференциясына қатысты. Айта өту керек, жаһандық іс-шараға АҚШ, Жапония, Қытай, Еуропа, Африка, Латын Америкасы және әлемнің басқа елдерінің жетекші университеттерінің мамандары келді.
ШҚУ профессоры «Icosahedral Clusters and Structural analysis of the Interaction Zones of Copper and Molybdenum Formed under pressure» тақырыбында баяндама дайындады. Конференция қорытындысы бойынша спикер Жапонияның Нара қаласында өтетін «AnalytiX-2025» қатысуға шақырту алды.