27 мая 2024
ШҚУ-ДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да екі бөлімді қайырымдылық кеш өтті. Алғашқы бөлімде Бизнес және құқық жоғары мектебінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен «Lion king» атты қайырымдылық кеш өтті.
Әуезді ән, күмбірлеген күй, заманауи бимен байланысқан мәнді қойылым. Барлығын дерлік, кеш бойы қалың көпшілік үздіксіз тамашалады.
— Төрт ай көлемінде әбден дайындалдық. Ерекше әсердеміз. Көрерменге ұнады деген үміттеміз,- дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Алихан Ғалибиятов.
Қайырымдылық кешке келгендердің арасында жоғары мектептің түлектері Диас Болатов, Дильназ Маратта бар.
— Сахнада ән айтып, сол бір жарқын студенттік шаққа қайта оралғандай болдым,-дейді Дильназ Марат.
Кеш барысында жыл үздіктері де марапатталып, оларға “Сыңғырлаған дауыс” ,”Жыл крашы” ,”Үздік тик ток”, “Үздік жайдарманшы” сынды номинациялар тағайындалды.
Ал,кештің екінші бөлімінің шымылдығын жоғары колледждің белсенді жастары ашты.
Заманауи бимен қатар әуезді ән, мағыналы қойылым мен астарлы әзіл үндестік тапқан кеште жоғары колледж студенттері жоғары өнер көрсетті.
-Қайырымдылық кеш өте жоғары деңгейде өтті. Біздің студенттер мықты.Тек шығармашылық табыс тілеймін,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Әділет Кәрібай.
Айта кету керек,концерттен жиналған барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға табысталмақ.