3 Маусым 2024


«DANA BALA» ОРТАЛЫҒЫНА ҚР БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

   С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Айгүл Байтұрсынова келді.

Ол «Dana bala» УИББО – ның құрылуын  және оны С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің КЕАҚ басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің стратегиялық көреген шешімі екенін айта өтіп,орталықтың болашақ дефектологтар,студенттерге іс-тәжірибеден өту үшін маңыздылығын атап өтті.

Арнайы педагогика саласының маманы ретінде Айгүл Байтұрсынова коммерцияландыру жобасы аясындағы әзірлемелерге қызығушылық танытты.

Қонақтарға «Растишка» үстелі мен орындық, вертикализатор – кресло, дефектолог және «Лого қоржын» үстелдері ұсынылды. Рауан Байчиновтың әзірлемелері олардың ерекше қызығушылығын тудырды.

– Бағыттарды интеграциялау, ғалымдар мен практиктердің ынтымақтастығы жобаға маңыздылық береді.Сонымен қатар,орталықтың дамуына жаңа серпін береді. Осындай керемет орталықты ашқаны үшін Мұхтар Әділбекұлына алғысымды білдіремін. Әрине, біз сіздердің магистранттарыңыз бен докторанттарыңызды тағылымдамадан өткіземіз, – дейді Айжан Аманжолқызы.