27 июня 2024


БОЛАШАҚ ЭКОЛОГТАР ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ИГЕРДІ

«Экология» ББ екінші курс студенттері өңірмен елдің ірі кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтті. Олардың арасында «Қазгидромет», ШҚО бойынша экология департаменті және ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бар. Оқытудың негізгі мақсаты-бастапқы кәсіби дағдыларды игеру, болашақ мамандықтың әртүрлі бағыттарымен танысу, сондай-ақ теориялық білімді бекіту.
Студенттердің айтуынша, олар іс-тәжірибе барысында бұл мамандықтың маңызды аспектілерін үйренген.