27 Маусым 2024


ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Жаңа оқу жылында ШҚУ Дүниежүзілік банкпен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен, ҚР білім Министрлігімен, Nazarbayev University, HAMK University of Applied Sciences және JAMK University of Applied Science серіктестерімен әзірленген инновациялық білім беру бағдарламаларын ұсынады.
Инновациялық БББ тізімінде: «Тарих және қоғамтану», «Мектепке дейінгі білім беру», «Бастауыш білім беру», «Биология», «Арнайы педагогика», «Психология», «Әлеуметтік педагогика», «Музыкалық білім», «Математика», «Информатика», «Дене шынықтыру және спорт», » География», «Химия», «Физика», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс және орыс емес тілдердегі мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Шет тілдері», «Білім берудегі зерттеулер», » Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық», «Арнайы педагогика: аутистік спектрі бұзылған балаларды қолдау», «Цифрлық педагогика», «Саясаттану және халықаралық қатынастар», «Философия және дінтану».
Инновациялық білім беру бағдарламалары еңбек нарығының заманауи талаптарын ескеріп, білім берудің прогрессивті финдік моделі бойынша әзірленді. Студенттерді оқыту бойынша тәжірибеге дайындалу мен зерттеу құзыреттерін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінеді.

Айта кетейік, алма-матердің ауқымды жұмысы «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында жүзеге асырылды.