22 июля 2024


ШҚУ-ДЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АЛТМУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ

Алтай мемлекеттік университетінің «Үлкен Алтай» алтаистика және түркітану ғылыми-білім беру орталығы «Үлкен алтайдың ерте ортағасырлық қоғамы. Адам және табиғи орта» атты жас ғалым-тарихшылардың IV халықаралық жазғы мектебін ұйымдастырды. Шараға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің “Тарих” білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері лектор Ермеков Ерназ Ержанұлының жетекшілігімен барып қайтты.


Ресми бөлімде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген ғалымдар авторлық баяндамаларын ұсынды. Содан кейін студенттер Барнаулдың мәдени және тарихи орындарына барды. Шара соңында қатысушылар қаланың тарихы туралы дәрісті тыңдады.


Сонымен қатар, АлтМУ-да болған уақытта студенттер ғылыми баяндамаларды тыңдап, ғалымдардың сараптамалық талдауларына куә болды. Олар өз жұмыстарын «Үлкен Алтайдағы славян-түркі әлемі: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық сараптамалық форумында таныстырды.
Жастар үшін есте қаларлық сәт Белокуриха қаласына саяхат болды. Мұнда оларға археологиялық орындар, саябақтар мен өзен жағасындағы кешендерді көрсетті.