23 июля 2024


ШҚУ-ДА АВТОРЛЫҚ БИЗНЕС-ОЙЫН ӘЗІРЛЕНДІ

«Менеджмент» және «Туризм» білім беру бағдарламаларының түлектері Александра Подгоронова мен Балжан Тілеубердинова «Қазақстан бойынша саяхат» бизнес-ойынын әзірледі. Оның мақсаты – бизнес-құзыреттіліктер мен көшбасшылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ қатысушыларды елдің көрікті жерлерімен және туристік орындарымен таныстыру.


— Ойын туризм саласында табысты кәсіпкер болуды, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту мен қаржылық сауаттылықты үйренуді қалайтындар үшін қолайлы, — дейді авторлар.


Жиынтықта негізгі өріс, «?», «Салықтар», «Несие», «Старт +1000», «Табыс +5000», «Депозит», «Қарыз-4000», «Фортуна», «Табыс+3000», «Демалыс», «Қарыз-1000» секторлары, чиптер, ойын валютасы, тапсырмалар мен туристік нысандарымен карталар бар. Әр ойыншы бірдей ақша сомасымен бастайды. Ойын барысында өз жинақтарын көбейтіп, «мүлік» сатып алу қажет.


Жобаның жетекшісі — «Dana Bala» Орталық тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды зерттеу және жобалау институтының басшысы Әлима Әліпова. Оның айтуынша, бүгінгі таңда авторлық құқық туралы куәлік алынды.

Талантты түлектер ШҚУ-дың магистратурасына түсуге дайындалуда. Сонымен қатар, Бизнес және туризм саласындағы зерттеулермен айналысуды жалғастыруды жоспарлап отыр.