23 августа 2024


СИЛЛАБУСТАРДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Жаңа оқу жылының қарсаңында университетте профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен «Силлабустардың трансформациясы: ақпараттық және білім беру инновацияларының интеграциясы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – білім беру үдерісін толық цифрландыру үшін силлабустардың финдік моделін зерттеу және енгізу.


Семинар жұмысы академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің басшысы Ержан Домалатовтың құттықтау сөзінен басталды. Бұдан әрі қатысушылар инновациялық білім беру бағдарламаларына сәйкес силлабус формаларын жаңғыртуды талқылады.


Сонымен қатар, іс-шара барысында eUniver порталында қолжетімді болатын силлабустарды толтырудың автоматтандырылған жүйесі көрсетілді. Мұндай жаңашылдық силлабустарды өңдеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл жұмысты әлдеқайда ыңғайлы әрі тиімді етеді.


Оқытушылардың пікірінше, жаңа құралдарды интеграциялау студенттердің үлгеріміне оң әсер етеді.