20 сентября 2024


ҰҚҰҒЗ-ДА ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

Экология және география кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Кульзипа Дакиева «Өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері үшін Ұлттық ғылыми зертханасында тәжірибелік сабақтар өткізді.

 

Студенттер полимерлік-композиттік материалдар, цифрлық технологиялар және моделдеу зертханаларына, сондай-ақ инновациялық технологиялардың ғылыми-өндірістік зертханасына барды. Олар материалдық-техникалық базамен танысты. Атап айтқанда, термографиялық анализатормен, Шор бойынша қатты өлшегішпен, үстел үсті қолғап боксымен, бинокулярлы микроскоппен, миофилизатормен, вакуумды сүзу құрылғысымен және бөлшектер мөлшерінің лазерлік анализаторымен танысты.

 

Айта кетейік, ҰҚҰҒЗ машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, химиялық және өңдеу өнеркәсібі үшін инновациялық технологияларды әзірлеумен айналысатын аккредиттелген ғылыми-зерттеу орталығы.