26 сентября 2024
ГЕНУИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Сальваторе Квазимодо атындағы итальяндық мәдени-тіл орталығы қабырғасында Басқарма төрағасы-ректор, профессор Мұхтар Төлеген Генуи университетінің профессоры Гидо Амореттимен және тұрақты серіктесі, интернационалдандыру жөніндегі ректордың кеңесшісі, Кассино және Оңтүстік Лацио университетінің профессоры Алессандро Фигуспен кездесті.
Кездесу қазан айының басында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Италияға кететін проректорлардың, жоғары мектеп декандарының және студенттердің қатысуымен достық шеңберінде өтті.
Кассино және Оңтүстік Лацио университеттерімен қос дипломдық жоба бойынша «Спорт менеджменті», «Жаһандық экономика» магистратура білім беру бағдарламасын, Генуи университетімен «Тұрақты туризм және дестинацияларды басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға келісімге келді. Сондай-ақ, ректор 2025 жылдан бастап университет базасында шетелдік ЖОО филиалын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Кездесуден кейін Италиядан келген қонақтар академиялық алмасуға қатысушы студенттерге дәріс өткізді. Итальяндық мәдениетті, денсаулық сақтау жүйесін, әлеуметтік қамсыздандырудың ерекшеліктері туралы айтып, Генуя қаласының жатақханаларында тұру жағдайларын түсіндірді.
Айта кету керек, С.Аманжолов атындағы ШҚУ итальяндық білім беру жүйесінде алғаш рет тәжірибе алғалы отыр. Олар оқуда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, итальяндық студенттерді ШҚУ-ға оқуға шақырады деп үміт күтілуде.
Биылғы жылы «Шет тілі: екі шет тілі», «Қаржы», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 2-3 курсынан 8 студент 01.10.24-15.02.2025 жылдар аралығында Генуи университетінде өзара ынтымақтастық жөнінде жасалған шарттар шеңберінде білім алады.