26 сентября 2024


ИТАЛИЯНДЫҚ ПРОФЕССОРЛАР «ДАНА БАЛА» ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНДА

Италиядан келген профессорлар Гвидо Аморетти және Алессандро Фигус «Дана бала»инклюзивті білім беру орталығын аралап көрді. Экскурсия аясында профессорларға орталықтың негізгі тұжырымдамасы мен мақсаты таныстырылды. Соңғы технологиялар мен жаңа жабдықтардың жұмыс істеу барысы түсіндірілді.

Профессорлардың айтуынша, Қазақстан мен Италияның инклюзивті білім беруге деген көзқарасы әртүрлі, бірақ бұл екі елдің университеттерінің тәжірибе алмасуына және жақын арада инклюзивті білім беру бағытында қос диплом бағдарламасын әзірлеуге кедергі болмайды.