29 августа 2024


ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ: ЖАС ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жаңа бастаған және үш жылға дейінгі тәжірибесі бар оқытушыларға  арналған оқыту семинары өтті. Негізгі мақсат-жоғары білім беру жүйесіндегі жаңа үрдістерді зерттеу. Семинарды педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының профессоры Татьяна Паншина өткізді.

— Бұл семинар жас оқытушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа әдістермен танысуға және оларды біздің тәжірибемізге енгізуді талқылауға бірегей мүмкіндік береді. Мұндай іс — шаралар оқытушылардың біліктілігін арттыруға ғана емес, жалпы білім беру сапасын жақсартуға да көмектесетініне сенімдімін, — деді Татьяна Паншина.