IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

Қазір IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі университеттің ірі құрылымдық бөлімшесі. Жоғары мектепте біліктілігі жоғары мамандар жұмыс атқарады, оның ішінде 11 ғылым докторы, профессорлар, 38 ғылым кандидаттары, доценттер, 19 PhD докторлары қызмет атқарады.  

ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің құрамында 6 кафедра бар: Физика және технологиялар; Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар; Математика; Биология; Экология және география; Химия.

Кафедралар 3 оқу ғимаратында, зертханалар 4 оқу ғимаратында орналасқан. Барлық 6 кафедра бітіруші түлектерді дайындайды.

Барлық педагогикалық, жаратылыстану ғылыми және техникалық бағыттағы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары аккредитациялаудан өткен.

2023-2024 оқу жылы бойынша жоғары мектепте 53 БББ, оның ішінде 29 БББ бакалавриат, 16 БББ магистратура және 8 БББ докторантура бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. Үш деңгейлі білім беру 8 БББ-да, екі деңгейлі білім беру 16 БББ-да жүзеге асырылады.

Мықты оқу-зертханалары мен ғылыми-техникалық базасы бар.

Жоғары мектепте заманауи оқу-зертханалық және ғылыми-зерттеу базалары бар: компьютерлік және мультимедиялық сыныптар; робототехника кабинеті; физика және технологиялар кафедрасының докторанттарына арналған кабинет; нан-тоқаш және кондитерлік өндіріс бойынша оқу шеберханасы; тігін өндірісі технологиясы бойынша оқу шеберханасы және агротехника зертханасы. 2020-2021 оқу жылында №7 оқу ғимаратында «STEM орталығы» ашылды.

Жоғары мектепте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының Шығыс Қазақстан филиалы жұмыс істейді. Облыстағы жалғыз – заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған Ұжымдық қолданыстағы Ұлттық зертхана, сонымен қатар сынама-технологиялық құрылғылар кешені бар. Биотехнологиялар, фитохимия және экология зертханалары. «Шығыс Қазақстан інжу маржандары» ғылыми-білім беру кешені.

Кадрлық құрамы 90 оқытушыдан тұрады, жоғары мектептің профессорлық – оқытушылық құрамның сапалық дәрежесі 60% – ды құрайды.

Жыл сайын жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» байқауына қатысады. Жоғары мектебіміздің келесі оқытушылары «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары:

АДИКАНОВА САЛТАНАТ

Жаратылыстану ғылымдары және IT жоғары мектебінің деканы

Кнопка "Наверх" с иконкой