29 августа 2023
ШҚУ-ДА КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ҚР Конституциясы күніне арналған «Қазіргі кезеңдегі мемлекеттілікті конституциялық жаңғырту: Қазақстан және шет елдер» атты жыл сайын болатын дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде ҚР Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Б.М.Нұрмұханов, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы М.Ғ.Көміршінов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің басшысы Д.В. Шакенов, ШҚО прокурорының аға көмекшісі-кадрлық жұмысы жөніндегі топ жетекшісі В.А. Александров, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары М.Т. Бердімұратов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, С.Аманжолова атындағы ШҚУ-дың құрметті профессоры, з.ғ.д., Е.Б.Абдрасулов, Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының профессоры, т.ғ.к, М.К.Ақанов, сениор-лектор А.Т. Жиренова, Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к., Г.Т. Байркенова Конституция Ата заң ретінде мемлекеттілікті жаңғыртудың нормативтік-құқықтық негізі болып табылатындығын өз баяндамаларында мәлімдеді.
— Дөңгелек үстелдің мақсаты Конституцияның әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық мәніне талдау жасау, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, сот және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ құқық қорғау ұйымдарының қазіргі заманғы конституциялық доктринаны жүзеге асырудағы рөлін анықтау, — дейді Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Жанна Садыканова.
ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген бүгінде Қазақстан Конституциялық жаңғыру сатысында тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қоғамдағы тұрақтылықты сақтау негізінде әлеуметтік және құқықтық қайшылықтарды жеңу процесі.
— Бұл біздің еліміз үшін дұрыс және перспективалы жол. Дөңгелек үстел аясында көтерілген мәселелер қазіргі конституционализм теориясы мен практикасын дамытудың өзекті бағыты ретінде ғалымдардың да, біздің студенттердің де, магистранттардың да одан әрі зерттеу тақырыбы болады деп үміттенемін. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқаны үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін! Барлығыңызды алдағы Конституция күнімен құттықтаймын, — деп қорытындылады Мұхтар Төлеген.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстанда Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша республикалық референдум өтті. Бюллетеньде бір ғана сұрақ болды: «Сіз «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қолдайсыз ба?»
Референдумға қатысу 68,05 пайызды құрады (7 985 769 адам). Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға түзетулер енгізуге дауыс берді. Референдумда қабылданған өзгерістер Қазақстан Конституциясына 8 маусымда күшіне енді.