31 Тамыз 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ

Amanzholov University-не жаңа оқу жылында 3000-нан астам студент оқуға қабылданған. Оның ішінде білім беру гранты бойынша 1230 студент, 60-тан астам «Алтын белгі» иегерлері, 20-дан астам халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары, 70-тан астам спорт шеберлері қабылданған.

С.Аманжолова атындағы ШҚУ-дың педагогикалық білім беру бағдарламалары үлкен сұранысқа ие болған. Биыл  педагогикалық бағдарламалардың бакалавриаттына мыңға жуық студент қабылдаған. Студенттер арасында ең танымал бағдарламалар: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шет тілі», «Математика мұғалімдерін даярлау», «Дене шынықтыру және спорт», «Дефектология».

– Біздің ЖОО-да 12 жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларының іске асырылды. Негізінен инклюзивті ортада жұмыс істеуге арналған білім беру бағдарламаларына  баса назар аудардық, олар «Эрго-Педагогика», «Ерте қолдау педагогикасы», «Арнайы педагогика». Сондай-ақ, биология және география пәндердін таңдаған талапкерлер «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша түсті:  гидроэкология, су ресурстарын қорғау және басқару саласындағы білім беру бағдарламасы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған, – дейді ректор Мұхтар Төлеген.

Естеріңізге сала кетейік, 28 тамыздан бастап университетте бейімделу апталығы басталды.