1 сентября 2023
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ғылыми кеңес отырысы өтті. Кеңесті С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ректоры Мұхтар Төлеген жүргізді. Күн тәртібінде 2023 -2024 оқу жылына арналған бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Қатысушылар оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жетілдіру, жоғары оқу орнының даму бағдарламасы, талапкерлерді оқуға қабылдау және түлектерді жұмысқа орналастыру тағы да басқа мәселелерді талқылады.
Атап айтақанда Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Ровнякова университеттің жаңа оқу жылының басталуына дайындығы және онлайн оқыту түріндегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы мәлімдеді.
Университеттің қабылдау комиссиясының негізгі жұмысы туралы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лейла Байжуманова баяндама жасады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы тапсырмасын орындау туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Жаннел Болатова айтып өтті.
Келесі кезекте 8D053 «Физика-химиялық ғылымдар» және 8D015 «Жаратылыстану пәндері мұғалімдерін даярлау» бағыттары бойынша диссертациялық кеңестердің тұрақты құрамын бекіту туралы Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі жетекшісі Гүлнұр Шарапиева ортаға салып, кеңес құрамы бірауыздан мақұлдады.
Оған қоса университеттің құрметті профессоры Ризабек Сармулдинов және п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Бақыт Шаихова, Шаруашылық департаментінің басшысы Болатбек Айменов алғыс хаттармен марапатталды.
— Сіздерді университет пен білім саласының дамуына қосқан үлесі мен ұрпақ тәрбиелеудегі азаматтық белсенділіктеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін, — деді ректор Мұхтар Төлеген.
Ғылыми кеңес қарастырылған мәселелер туралы талқылап, тиісті құрылымдық бөлімшелерге оларды іске асыру жөнінде тапсырма берілді.