6 Қыркүйек 2023


ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҚАРСЫ АЛУ КЕШІ

Amanzholov University-де жыл сайын ұмытылмас ауқымды іс-шара – Білім күніне арналған құттықтау кеші өтеді. Бірінші курс студенттері университетпен бейресми жағдайда танысады, жаңа достар тауып, мереке атмосферасын сезінді.

– Әсіресе студенттер үшін біз көңіл-күйлерін көтеретін және сол кештегі керемет сәттерді ғарыш кеңістігіне айналдыратын бірегей әсермен үйлестірген Өскемендегі бірінші дәрежелі диджейлер мен жарық техниктерінің командасын шақырдық. Студенттер шынымен де бүкіл оқу жылына жететін күшті күш- қуат ала алды, – дейді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

-Көңіл күй тамаша! Барлығы жоғары деңгейде. Бірінші курс студенттері мұнда келгеніне қуанышты. Университетке қош келдіңіздер, – деді студент Павел Астраханцев.

Айта кетейік, би кеші  №1 оқу ғимаратының аумағында өтті.